ШҚО мен ҚХР ШҰАА арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қытай Халық Республикасы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Үрімші қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов бастаған өңір делегациясының жұмыс сапары өтіп жатыр. Онда электр энергетикасы, өндіріс және туризм саласындағы бірлескен жобаларды дамыту туралы ұсыныстар қаралуда.

Сапар аясында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімші қаласында B2B форматындағы кездесулер, өндірістік нысандарға бару және форум шеңберіндегі пікір алмасулар ұйымдастырылды. Бұл екі өңір арасында ашық диалог орнатып, ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін айқындауға жол ашпақ.

Бүгін таңертең Шығыс Қазақстан облысы мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат қытайлық  ШҚО-ға инвестиция тарту, туристер ағынын арттыру және туризмді дамытуға бағытталған өзге де бастамаларды қамтиды.

Қол қою рәсіміне қазақстандық делегация атынан Кәсіпкерлер палатасы жанындағы туризм кеңесінің төрағасы Сымбат Рамазанов, «Пасека» шаруа қожалығының басшысы Валерий Қасымбаев және басқа да өкілдер қатысты.

Іссапар бағдарламасы бұдан әрі Үрімші жылу энергетикалық компаниясына барумен жалғасты. ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовке кәсіпорынның техникалық мүмкіндіктері таныстырылды. «Шығыс Жылу» АҚ басшысы Ренат Уразбаевтың айтуынша, Үрімші энергетиктерінің тәжірибесі шығысқазақстандық мамандар үшін пайдалы әрі маңызды.

«Мені қала бойынша тұрғын үйлердің шатырларына орнатылған, пәтер ішіндегі температураны онлайн режимде тұрақты түрде өлшейтін датчиктер таңғалдырды. Барлық ақпарат бірыңғай базаға түседі, ал ауа температурасы белгіленген нормадан ауытқыған жағдайда колл-орталық мамандары ақауды жою үшін арнайы топ жібереді», – деді «Шығыс Жылу» АҚ бас директоры.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1192487?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version