Жайнақ батыр ауылдық округі әкімі Бақыт Дәулеткелдіұлы Рахимбеков Жайнақ батыр ауылдық округіне қарасты Жайнақ батыр, Жаңалық, Доланалы, Ақбастау, Қарымсақ ауылы тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.
Кездесу барысында алдағы жоспарлар мен маңызды мәселелер талқыланды.
Атап айтқанда:
✅ Көктемгі санитарлық-тазалық жұмыстары: Ауыл аумағын қоқыстан тазарту және көгалдандыру жұмыстары бойынша жоспарлар,
✅Малды өріске шығару: Мал табынын ұйымдастыру, жайылым жерлердің тиімді пайдаланылуы бойынша,
✅Салық төлемдері: Көлік және мүлік салықтары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Округ әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелердің шешілуі өз бақылауында болатынын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-zhainak-batyr/press/news/details/1192869?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау