«Жастармен тікелей диалог: Талғар және Қаскелең қалаларында жастарға арналған профилактикалық кездесулер өтті»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талғар қаласындағы «Политехникалық колледжі» және Қаскелең қаласындағы «Еуразиялық көпсалалы колледжінде» жастар арасында радикалды идеология мен экстремизмнің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтті. Кездесулер барысында қатысушылар радикалды идеологияның белгілері, қауіпті контенттің таралу жолдары, әлеуметтік желілердегі сенімсіз топтардан сақтану және зайырлы қоғам қағидалары туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Талғар қаласында өткен кездесуге 50 студент қатысып, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, күмәнді парақшаларды ажырату және жеке мәліметтерді қорғау жолдары нақты мысалдар арқылы көрсетілді. Аталған кездесулер «Зайырлылық қағидаттары және құқықтық мәдениет» тақырыбында өтіп, жастарға зайырлы қоғам қағидаттары мен құқықтық мәдениеттің жеке тұлға мен қоғам өміріндегі рөлі практикалық мысалдармен түсіндірілді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының қызметкерлері Әбді Әділет Әбдіхалықұлы мен
Амантай Адиль Жанабайұлы жүргізді.
Екі іс-шара да жастардың сыни ойлау қабілетін, ақпараттық сауаттылығын және жеке қауіпсіздік дағдыларын дамытуға бағытталды. Кездесулер жастарды радикалды идеологиядан сақтандыруға, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға және профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

 

Материал Алматы облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1192868?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version