Адам құқықтары жөніндегі орталықтың Алматы қаласы бойынша өкілдігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ұйымдастырған «Интернаттық үлгідегі білім беру ұйымдарында балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері» тақырыбындағы вебинарға қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын талқылады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Ю.Р. Овечкина интернаттық үлгідегі білім беру ұйымдарында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы ақпарат ұсынды. Атап айтқанда, балаларды күтіп-ұстау жағдайлары, оларды отбасыларға беру тәртібі, сондай-ақ тәрбиеленушілердің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері қарастырылды. Сонымен қатар, балалардың құқықтары бұзылған жағдайда қолданылатын әкімшілік жауапкершілік түрлеріне ерекше назар аударылды.
Вебинар аясында сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің хатшысы Р.П. Шер және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының орынбасары Ж.К. Бакашбаев сөз сөйлеп, балалардың құқықтарын қорғау мәселелерінде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар балалардың құқықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіру және олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін енгізу қажеттігін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1193173?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау