Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыда қала әкімдігінің Қоғамдық қабылдауы — Open Almaty байланыс орталығының бірыңғай 109 нөмірі енгізілді. Бұл нөмір бұрынғы 1308 нөмірінің орнына қолданылады.

Жаңа формат өтініштерді тәулік бойы, демалыс және мереке күндері де қабылдауға мүмкіндік береді.

Бірыңғай нөмірге көшу өтініштерді қабылдау жеделдігін арттыруға, жауап күту уақытын қысқартуға және қалалық сервистерге қолжетімділікті арттыруға бағытталған.

109 байланыс орталығы қалалық инфрақұрылым, көріктендіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да бағыттар бойынша өтініш қабылдайтын негізгі байланыс арнасына айналды.

Сонымен қатар тұрғындар үшін қосымша байланыс тәсілдері сақталған:
— Open Almaty әлеуметтік желілері (Instagram, Facebook, Telegram);
— өтініш беріп, оның орындалуын бақылауға болатын Open Almaty порталы;
— өтінім жолдап, мәртебесін қадағалауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша;
— Абай даңғылы, 90 мекенжайындағы жобалық кеңсе.

Осылайша, әр тұрғын өзіне ыңғайлы тәсілді таңдап, өтінішті онлайн немесе келіп жолдай алады.

Бірыңғай 109 нөмірінің енгізілуі — қала тұрғындарымен өзара байланысты күшейту және сервистер сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1193268?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version