Бүгін, 2 сәуір күні «AIS» халықаралық мектебінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Әдістемелік қызметтің трансформациясы: инновация, сапа, тиімділік» тақырыбында ІІІ республикалық әдіскерлер форумы басталды.
Форумның мақсаты әдістемелік орталықтардың қызметін жетілдіру бойынша өзекті мәселелерді талқылау, оларды шешу жолдарын қарастыру және әдістемелік жұмыстардың сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.
Аталған форумға ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу» орталығының директоры Дулат Аманжолов, облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, облыстық білім басқармасының қызметкерлері, облыстық орталықтардың басшылары, аудан, қала бойынша білім бөлімінің, оқу-әдістемелік орталықтарының директорлары, барлық өңірлерінен және Маңғыстау облысынан 450-ге жуық әдіскерлер мен мектеп ұстаздары қатысты.
Форум аясында пленарлық мәжіліспен басталып, секциялық отырыстарымен жалғасты.
Пленарлық отырыста облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жиын барысында «Әдіскердің жаңа миссиясы: деректер мен қажеттілікке негізделген қолдау», «педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамытудағы платформалардың рөлі», «тиімділік формуласы: тәжірибеден», «педагогтердің кәсіби дамуына арналған әдістемелік мүмкіндіктер», «мектепті өзгерту үшін не керек: бұйрық па, сенім бе?», тақырыптарда баяндамалар жасалды.
Секциялық отырыстар келесі жеті бағыт бойынша ұйымдастырылды:
1-секция: «Әдістемелік қызмет 4.0: деректерге негізделген басқару және distributed leadership»;
2-секция: «Data + AI: білім сапасын басқарудың жаңа моделі»;
3-секция: «Келешек мектептері» жобасының даму перспективалары;
4-секция: «Жасанды интеллект және цифрлық педагогика: әдіскердің жаңа құзыреттері»;
5-секция: «Тұлға қалыптастыруда ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие беру»;
6-секция: «Алғашқы қадамнан үлкен жетістікке»;
7-секция: «Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқытудың жаңа парадигмасы».
Секциялық отырыстар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, заманауи тәсілдерді талқылайды.
Айта кетейік, іс-шара барысында әдістемелік орталықтардың жұмысын жетілдіру жолдары қарастырылып, олардың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленеді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау