2026 ЖЫЛҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУДАН ӨТЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ МЕН ОРЫНБАСАРЛАРЫНА, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2026 жылдың 1 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасымен бірлесіп «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау» тақырыбында облыстық оқыту семинарын өткізді.

Оқыту семинарына Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы М.Нысанбаев,  Жамбыл облысы әкімдігі білім  басқармасы ның басшысы Н.Оршубеков, мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдарының директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және мектепке дейінгі ұйым басшылары, аудандық, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері барлығы 111 адам қатысты.

       Іс-шара барысында білім мекемелерінің мемлекетТік аттестаттаудан өтудің бағалау өлшемшарттарының сапалы орындалуы бойынша білім беру ұйымдарының жұмыстық оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестендірілуі, педагогтер мен мектеп/балабақша әкімшілігінің, бейіні бойынша біліктілік курстарынан  өтуі, мектепке дейінгі ұйымның жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарға сәйкес толтырылуы, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын арттыру, перспективалық жоспар мен циклограмманы құру жолдары, мониторингтің жүргізілу барысы, өзін-өзі бағалауы, мектепалды сыныптардың жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарға сәйкестендірілуі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін жеке оқу жоспарларының құрылуы, инвариантты, вариативті компоненттердің оқу жылына арналған сабақ кестесіне сәйкестендірілуі, үйірме жұмыстарының жүйелі ұйымдастырылуы, «Өмір қауіпсіздігінің негіздері», «Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курстары мазмұнының орындалуы, қорытынды аттестаттау талапт арының орындалуы, педагогтер туралы мәліметтер ҰББДҚ жүйесімен сәйкестендірілуі, электронды журналдың талапқа сай толтырылуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, білім мекемелерінің мемлекеттік аттестаттаудан өту өлшемшарттарының сапалы орындалуы, мектеп/балабақша басшыларының мектепішілік бақылауды жүргізу сапасы, білім сапасын арттыру жұмыстарының нәтижелі жүргізілуі, педагогтерге ақпараттық-әдістемелік қолдаудың тиімді көрсетілуі, оқу-тәрбие кеңістігінде  сапалы білім алуға қол жеткізу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру жолдары бойынша қатысушыларға тиімді ұсынымдар беріліп, мазмұнды ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zhambyl/press/news/details/1193885?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version