Қалада жас жол инспекторларының слетін өткізуге дайындық аясында полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сайыс 20 сәуірден 30 сәуірге дейін өтеді.
Шара барысында полиция қызметкерлері сайыс жетекшілерімен кездесіп, байқаудың ережелерімен толық таныстырды. Қалалық іріктеуден өткен команда облыстық байқауға жолдама алады. Жеңімпаздар қала әкімдігінің қолдауымен бағалы сыйлықтарға ие болады.
Сайыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру. Мамандар мұндай алдын алу жұмыстарының маңыздылығын ерекше атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1193886?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау