Әйелдер бейбітшілікті, қоғамдық тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, шешім қабылдауға, диалогты дамытуға және барлық деңгейдегі қақтығыстардың алдын алуға, соның ішінде жергілікті қоғамдастыққа, мемлекеттік және халықаралық процестерге қатысуда маңызды рөл атқарады. Әйелдердің құқықтарын іске асыру, мүмкіндіктерге, білімге, еңбекке және қоғамдық өмірге тең қол жеткізу оның барлық мүшелерінің мүдделері ескерілетін тұрақты және әділ қоғамды қалыптастыруға ықпал етеді. Күнделікті өмірде бұл белсенді азаматтық ұстанымнан, қоғамдық бастамаларға қатысудан, дауларды бейбіт жолмен шешуден, өзара түсіністікті қолдаудан және қоғамдағы сенімді нығайтудан көрінеді. Әйелдердің құқықтары адам құқықтарының ажырамас бөлігі болып табылатынын және оларды сақтау қауіпсіздік, әлеуметтік тұрақтылық және мемлекеттің даму деңгейіне тікелей әсер ететінін есте ұстаған жөн. Құқықтар бұзылған немесе қоғамдық өмірге толыққанды қатысу үшін кедергілер туындаған жағдайларда, әйелдер құзыретті органдарға және мемлекеттік цифрлық сервистерге жүгінуді қоса алғанда, қорғаудың қолжетімді тетіктерін пайдалана алады. Құқықтар мен бостандықтарды қорғау жүйесінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өтініштерді қарайтын, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге жәрдемдесетін, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге үлес қоса отырып, әділдік, теңдік және әркімнің құқықтарын құрметтеу қағидаттарын түсіндіріп, нығайтуға ықпал ететін тәуелсіз құқық қорғау институты ретінде ерекше рөл атқарады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1193340?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау