Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 23 – бабының 2 – тармағының 15 – тармағына сәйкес «жұмыс беруші жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға» міндетті.
Кодекстің 1-бабының 27–тармақшасында еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға жөнінде негізгі ұғым берілген, яғни, өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің не қабылдаушы тараптың тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскердің, жіберуші тарап жұмыскерінің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан олардың еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не қайтыс болуына әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге, жіберуші тараптың жұмыскеріне әсер етуі болып табылады.
Сонымен қатар, Кодекстің 182 – бабының 2 – тармағының 14 – тармақшасында «жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға және жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметті еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберу көзделген.
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Кодекстің 17- бабының 4-1тармақшасы негізінде жұмыс берушінің жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасын бақылауды жүзеге асырады.
Бүгінгі күнде, Еңбек кодексінің осы талаптарының орындалуын бақылау мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Еңбекті қорғау және қауіпсіздік ақпараттық жүйесі арқылы мониторинг жүргізіп, нәтижесімен жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасамаған кәсіпорындар мен ұйымдарды анықтауда.
Жоғарыда көрсетілген Кодекс талаптары орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230- бабының 2- тармағы бойынша Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы – жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Егер жұмыс беруші міндетті сақтандыру шартын жасмаған жағдайда немесе осы мәселе бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Департаменттен және Мемлекеттік аннуитеттік компания ӨСК АҚ-ның Атырау облысының филиалынан толық кеңес алуға болады.
Байланныс телефоны 8 (7122) 519903, 556065.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1193342?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау