Ағымдағы жылдың 18 наурыз күні Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқытарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының кезекті отырсы өтті. Атырау облысы әкімінің орныбасары Дарын Шамратовтың төрағалығымен өткен бұл жиынға Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық Орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдігі қатынасты.
Күн тәртібімен негізінен жасөспірімдерге қатысты 3 мәселе қаралды. Олар:
1) Облыс аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық ахуалы туралы;
2) Кәмелетке толмағандард бейімдеу орталығы мен отбасын қолдау орталықтарының қызметі туралы;
3) Кәмелетке толмағандар арасындағы суицид фактілерініңалдын алу, суицидке ұмтылған балаларды өмірге бейімдеу және оңалту жұмыстары.
Көтерілген мәселелер бойынша жаупты мемлекеттік органдар, яғни Атырау облысы Полиция департаменті, Атырау облысы Жұмыспен қамсыздандыру және әлеуметтік бағдармалар басқармасы, Атырау облысы Білім беру басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы және Атырау облысы Білім беру басқармасының Психологиялық қолдау орталығы басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Отырыс соңында қарастырылған сұрақтар бойынша комиссиямен шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1193367?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау