Мемлекеттік нңбек инсмпекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маман – мемлекеттік еңбек инспекторы К.Алипбаев «Жұмыскер еңбек шарты бойынша деректерді қалай түзете алады» тақырыбында Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерімен кездесіп, түсіндірме берді.
Еңбек Кодексінің 23-бабының 2-тармағы 27-тармақшасына сәйкес, жұмыс берушілер еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу, тоқтату және өзге де мәліметтер туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (enbek.kz) енгізуге міндетті.
2026 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне еңбек шарттарын есепке алу саласындағы ашықтық пен тәртіпті арттыруға бағытталған өзгерістер күшіне енеді.
Енгізілген өзгерістерге негізінде Кодекстің 98 бабының 1.1. тармағына сәйкес Жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізубеу немесе уақтылы енгізбеу,толық көлемде енгізбеу, анық емес және (немесе) дұрыс емес ақпарат енгізу түрінде жасалған бұзушылығы –
лауазымды адамдарға – отыз , шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс (259 500 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен (346 000 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу (648 750 теңге) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
HR Enbek порталында (hr.enbek.kz) жұмыскерлер өзекті емес мәліметтерді өз бетінше түзету үшін сұраным жібере алады. Жұмыс берушімен байланысу мүмкіндігі болмаса, түзету сұранымын жеке кабинет арқылы тікелей жолдауға болады.
Сұранымды қалай жіберуге болады:
enbek.kz порталындағы жеке кабинетке кіріңіз.
«Электрондық еңбек кітапшалары» модуліне өтіңіз.
Тиісті еңбек шартын таңдап, әрекетті көрсетіңіз: «Редакциялау», «Жою» немесе «Тоқтату».
Форманы толтырып, сұранымды электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойыңыз.
Өтінім «Түзетуге арналған сұранымдар» қосымша бетінде көрсетіледі, онда өтінімнің мәртебесін бақылауға болады.
Жұмыс берушіге сұранымды қарауға 3 жұмыс күні беріледі. Жауап болмаған жағдайда өтінім автоматты түрде уәкілетті органға жолданады.
Толық нұсқаулық hr.enbek.kz/reference-information?tab=instructions сілтемесінде қолжетімді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1193366?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау