ШҚО-да 100-ге жуық жаңа мектеп автобустары сатып алынады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысында мектеп автобустарының паркі жаңартылады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов мәлімдеді. Оның айтуынша, лизингтік бағдарлама аясында 100-ге жуық жаңа мектеп автобустарын сатып алу жоспарлануда.

«Өңірдегі мектеп автобустарының басым бөлігі ескірген. Көліктердің көпшілігі 2007 жылдары алынған, сондықтан бұл мәселе көптен бері шешуді талап етіп келген», – деді басқарма басшысы.

Қазіргі таңда облыстың 103 мектебінде 127 мектеп автобусы жұмыс істейді. Олар шамамен 4,5 мың оқушыны тасымалдап отыр. Жаңа автобустарды сатып алу автопаркті едәуір жаңартуға және оқушыларды тасымалдау қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Дереккөз: ШҚО ӨКҚ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-vavilon/press/news/details/1193223?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version