Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде Өскемен қаласы прокуратурасының өкілдерімен және танымал спортшылармен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Шара Мемлекет басшысы ілгерілетіп отырған «Заң мен Тәртіп» идеологемасы аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Кездесудің басты қонағы — грек-рим күресінен Азия чемпионы және әлем чемпионатының қола жүлдегері Темірлан Тұрдақын спорттағы жетістікке жетудің басты кепілі темірдей тәртіп екенін атап өтті. Ол өз тәжірибесімен бөлісе отырып, кәсіби спортшы үшін заңды құрметтеу мен ішкі тәртіптің маңыздылығын түсіндірді. Өз кезегінде Өскемен қалалық прокуратура бөлімінің прокуроры Аяжан Ержанқызы оқушылармен ашық сұхбат жүргізіп, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтық жауапкершілік тақырыптарына тоқталды. Мұндай іс-шаралар жас атлеттердің бойында отансүйгіштік қасиеттерді нығайтып, заң алдындағы жауапкершілікті терең сезінуге септігін тигізеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1193222?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау