Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Мақат аудандық жұмыспен қамту және Әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты
«Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен кездесті.
✅ Мекеме штаты 10 бірліктен тұрады. Мұнда басшылықтан өзге, консультациялар беру және кешенді сүйемелдеу бөлімі, психолог, заңгер, кейс менеджер, әлеуметтік қызметкер, мемлекеттік сатып алу менеджері, бас бухгалтер, еден жуушы жұмыс жасайды.
✅ Орталықтың негізгі мақсаттары мен міндеттері: мемелекет отбасы саясатының шараларын іске асыру; өмірде қиын жағдайларға тап болған адамдарға әлеуметтік, заңдық және психологиялық жәрдемдесу, тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға уақытша тұру мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсетуге және мемлекеттік отбасы саясатынфң бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.
✅ 2025 жылдың тек 7 айында қиын жағдайға түскен 19 отбасына қолдау көрсетілген екен.
✅ Ал былтыр наурыз айынан бастап орталық өз қызметін FSM SOCIAL жүйесі арқылы жүзеге асырып отыр, яғни цифрлық процессіне көшті. Қазіргі таңда жүйеге 120 жуық тапсырмалар енгізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1193221?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау