2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 232-1-бап енгізілді.
Осы бапқа сәйкес:
банк шоттарын, төлем құралдарын заңсыз беру немесе пайдалану, сондай-ақ ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру — қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.
Яғни, өз шотыңызды біреуге беру — тіпті “досыма көмектестім” десеңіз де, сіз қылмысқа қатысушы болып есептелесіз.
Мұндай әрекет үшін:
айыппұлдан бастап 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Банк шотыңызды кімге және қандай мақсатта бергеніңіз маңызды емес!
Сіз жауапкершіліктен құтыла алмайсыз.
Жеңіл ақша үшін тағдырыңызды тәуекелге тікпеңіз!
Кез келген ақша — сіздің болашағыңызға татымайды.
Бұл ақпаратты жақындарыңызбен бөлісіңіз!
Мүмкін, біреуді қателіктен сақтап қаласыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1193220?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау