2026 жылғы 2 сәуірде, Еңбекші ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза бейсенбі» атты кезекті сенбілік ұйымдастырылып, өткізілді.
Аталған іс-шараға ауылдық округ қызметкерлері мен тұрғындар белсене қатысып, елді мекен аумағын абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Осындай игі бастамалар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және туған жерге деген жауапкершілікті күшейтуге зор ықпал етеді. Сонымен қатар, мұндай сенбіліктер еліміздің тұрақты дамуына, елді мекендердің көркейіп-көгалдануына өзіндік үлесін қосатын маңызды қоғамдық шаралардың бірі болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-enbekshi/press/news/details/1193212?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау