📌 ХАБАРЛАНДЫРУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті Арыс қаласының тұрғындары!
 
Ағымдағы жылдың сәуір – мамыр айлары аралығында Қожатоғай, Монтайтас, Ақдала, Дермене, Байырқұм ауылдық округтері аумағында аса қауіпті марокко шегірткесінің дернәсілдеріне (личинка) қарсы жалпы алаңы 91,1 мың гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Химиялық өңдеу жұмыстарын жерүсті және әуе техникаларымен жүргізу жоспарлануда.
 
Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 11 бабына сәйкес, қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингтi жүзеге асыруға және зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.
 
​Осыған байланысты, үйірлі шегірткелерге күрес жұмыстары барысында өз аумағыңызда тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізіп, шегіртке зиянкесі анықталған жағдайда фитосанитариялық шараларды қабылдауды және жергілікті жауапты әкімдік қызметкерлеріне немесе тиісті мамандарға (аумақтық инспекция, болжам орталығы) хабарлау қажеттігін назарыңызға жеткіземіз.
 
Аса қауіпті марокко шегірткесінің дернәсілдеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары қауіптілігі жоғары пестицидтер арқылы жүзеге асырылады. Химиялық препараттар өте қауіпті (қауіптілігі П-1).
 
Сондай-ақ, шегірткеге қарсы залалсыздандыру шараларын барысында үй жануарларын өңделген аумақта кемінде 3-5 күнге дейін жайылмауын, және де бал арасын өсірушілер бал ара омарталарын кемінде 5-6 км ара-қашықтық сақтау қажет.
 
Пестицидтерді қолдану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтамау адам денсаулығы, қоршаған ортаға сондай-ақ жануарларға қауіпті екендігін естеріңізге саламыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys-montaitas/press/news/details/1194466?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version