Бокстан Моңғолия астанасы Ұланбатырда Азия чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр. Ел намысын қорғаған елордалық боксшы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласының спортшысы, 75 келідегі әлем чемпионы Валентина Хальзова 1/2 финалда Қытайдың тағы бір боксшысы Зи Баомен жұдырықтасты.
Тәжірибелі отандасымыз қашықтықта жұмыс істеп, қарсыласының әр шабуылын толықтай бақылау алуға тырысты. Ал Қытай боксшысы 3 раунд бойы тоқтаусыз шабуылда болды. Нәтижесінде төрешілер 3:1 есебімен жеңісті Зи Баоға берді.
Осылайша астаналық боксшы Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1194467?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау