Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті Ақтау қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар арасында есірткі құралдарын тұтыну фактілерін анықтау және нашақорлықтың алдын алу мақсатында жоспарлы наркоскрининг іс-шаралары өткізілуде. Бұл шараның негізгі мақсаты — бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған азаматтардың сот жүктеген міндеттерді орындауын қадағалау және олардың қайта құқық бұзушылық жасауына жол бермеу.
Наркоскрининг барысында пробация есебіндегі тұлғалар арнайы медициналық тестілеуден өтіп, есірткі немесе психотроптық заттарды тұтыну белгілеріне тексеріледі. Сондай-ақ, есептегі азаматтармен нашақорлықтың зияны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
«Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа ала отырып, біз сотталғандардың әлеуметтік ортаға бейімделуін ғана емес, олардың салауатты өмір салтын ұстануын да басты назарда ұстаймыз. Наркоскрининг — бұл жазаны өтеу тәртібін бұзушыларды анықтаудың тиімді құралы», — деп атап өтті бөлім бастығы, әділет капитаны Нұржан Дүйсенбі.
Егер тексеру нәтижесінде сотталған тұлғаның тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, бұл жаза өтеу шарттарын өрескел бұзу болып саналады. Мұндай жағдайда заң аясында тиісті шаралар қолданылады. Айта кетейік, мұндай тексерулер облыс көлеміндегі барлық пробация бөлімдерінде тұрақты негізде ұйымдастырылып тұрады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1194408?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау