АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ИНВЕСТИЦИЯ, ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ ЖӘНЕ ӨТІНІШТЕР МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
 
Күн тәртібінде инвестиция тарту және индустриалды аймақты жаңа жобалармен толықтыру мәселесі талқыланды. Бұл жөнінде ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Асхат Раимбеков баяндама жасап, саланы дамыту бағытындағы жоспарларымен бөлісті. Аудан әкімі жауапты бөлімдерге жаңа жобаларды іске қосу, кәсіпкерлермен тиімді байланыс орнату және ауданның инвестициялық әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.
 
Сонымен қатар, әскерге шақыру науқаны мен аумақтық қорғаныс мәселелері қаралды. Бұл бағыттағы жұмыстар жөнінде Төлеби ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Мирас Зәуірбеков атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Мәжілісте жастар арасында түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.
 
Жиында тұрғындардың «е-Өтініш» жүйесі арқылы жолданған өтініштері мен жеке қабылдауларда көтерілген мәселелердің орындалу барысы да сараланды. Бұл жөнінде бөлім басшысы Алмас Дүйсенбеков хабарлады. Әрбір өтініштің уақытылы әрі сапалы қаралуы қатаң бақылауда болатыны ескертілді.
 
Жиын қорытындысында аудан әкімі көтерілген барлық мәселелердің маңыздылығына тоқталып, олардың орындалуын тұрақты бақыл

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1195013?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version