«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Бейнеу ауданында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық шарасы ауданның маңызды тарихи және қоғамдық орындарын қамтып, атап айтқанда Бекет Ата жерасты мешіті аумағында, ауданға қарасты тоғыз ауылда және Бейнеу ауылының ішінде жүргізілді.
Сенбілікке аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың және аудандық прокуратураның қызметкерлері, «Бейнеу энерго сервис» және «Бейнеу су сервис» мекемелерінің ұжымдары, Бейнеу гуманитарлық және политехникалық колледждерінің ұстаздары мен студенттері, сондай-ақ 99116 әскери бөлімінің қызметкерлері белсенді қатысты. Жалпы тазалық жұмыстарына мыңға жуық адам жұмылдырылып, 13 арнайы техника тартылды.
Іс-шара барысында 145 куб қоқыс шығарылып, аудан аумағында 70-ке жуық ағаш көшеті отырғызылды. Бұл жұмыстар ауданның экологиялық ахуалын жақсартумен қатар, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
– Тазалық – тек бір күндік шара емес, ол – әрбір азаматтың күнделікті дағдысына айналуы тиіс. Біз туған жерімізді таза ұстап, табиғатты аялау арқылы келер ұрпаққа үлгі болуымыз керек. Әсіресе, киелі және тарихи орындардың тазалығы – біздің ортақ парызымыз, – деп атап өтті аудан әкімі.
Аталған сенбілік – тұрғындардың бірлігін нығайтып, туған жерге деген жанашырлықты арттырған маңызды қоғамдық іс-шаралардың бірі болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1194245?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау