Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыс дамудың оң серпінін сақтап қалды. Өсім инвестицияларда, құрылыста, ауыл шаруашылығында және саудада қамтамасыз етілген. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 838 млрд теңгеден асты. Жалпы инвестициялық портфельге 101 жоба кіреді. Құрылыс жұмыстарының көлемі 460 млрд теңгені құрады,ауыл шаруашылығының жалпы өнімі550 млрд теңгеден астам, сауда 2 460 млрд теңгеден астам. 407 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Жұмыссыздық деңгейі 4,6% деңгейінде сақталып, 29 мың жұмыс орны құрылды. ҚасымЖомарт Тоқаевқа 2026 жылы өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 17 440 жұмыс орнын құру көзделгені туралы хабарланды (бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 3 317 жұмыс орны құрылды). Әлеуметтік салада атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының төмендеуі байқалады. Шығыс шақырыөңірлік жобасын қоса алғанда, ауылдық аумақтарды қоныстандыруды және дамытуды қолдау бағдарламаларын іске асыру жалғасуда. Шығыс Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінеді. Өткен жылы 856 шақырым жол мен көшеге жөндеу жұмыстары аяқталды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы экологиялық жағдайды жақсарту, экономиканы әртараптандыру, инвестициялар тарту және өңірдегі туризмді дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akoy/press/news/details/1194246?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version