Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұжымы Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдап, облыстық сенбілікке атсалысты. Басқарманың мемлекеттік қызметшілері мен Ресурстық тіл орталығының мамандары мекемеге бекітілген аймақ – К. Дүйсембеков көшесі бойындағы аумақты қоқыс қалдықтарынан тазалап, игі іске білек сыбана кірісті.
Көктем мезгілінде қыстан қалған күл-қоқысты аршып, қоршаған ортаға қамқорлық жасау – әр адамның міндеті. Бүгінгі сенбілік жұм ыстарына әріптестеріміздің балалары да қол ұшын беріп, аумақты тазарту ісіне өз үлестерін қосты.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, туған өлкемізді таза ұстауға, қала көркін тазалықпен әсемдеуге баршаңызды шақырамыз. Тазалықты өзімізден бастайық! Жүрген жерімізге қоқыс тастамай, айналамызды таза ұстасақ – бұл табиғатқа, өзімізге деген қамқорлық.
Тазалықты тәрк етпейік!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1194124?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау