«Студент. Тәртіп. Білім» атты студенттермен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Студент. Тәртіп. Білім» тақырыбындағы студенттермен кездесу Шалқар көпсалалы колледжінде өтті. Іс-шараға облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева, мемлекеттік органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, педагогтар, ата-аналар және студенттер қатысты.
 Кездесудің мақсаты – студенттердің білімге, тәртіпке және кәсіби дамуға жауапкершілігін арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ өз ойларын ашық жеткізуіне мүмкіндік беру.
Қонақтар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, одан кейін пікір алмасу өтті. Кездесу барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, студенттерге тәрбие, отбасылық құндылықтарды нығайту, кәсіби даму және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ұсыныстар айтты. «Еркін микрофон» бөлімінде студенттер өз ойларын ашық білдіріп, жоғары белсенділік танытты.
Іс-шара соңында қатысушыларға белсенділік танытып, мазмұнды пікірлері үшін алғыс білдірілді. Кездесу жастар мен педагогтер үшін тиімді диалог алаңы болып, тәрбиелік маңызы зор іс-шара ретінде өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1194125?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version