Шымкент қаласы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қаратау ауданындағы №145 және №85 жалпы орта білім беретін мектептерде «Қазақы тәрбие – жастарға үлгі» тақырыбында тағылымды кездесу өткізілді.
Кездесу барысында ұлттың рухани өзегі саналатын қазақы тәрбие, ата-бабадан мирас болған асыл құндылықтар мен салт-дәстүрдің маңызы кеңінен насихатталды. Жас ұрпақтың бойына ізгілік, имандылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді қасиеттерді сіңіру – ел болашағының берік негізі екені атап өтілді.
Іс-шарада мамандар оқушыларды ұлттық болмысты қадірлеуге, рухани мұраны көздің қарашығындай сақтауға және саналы, парасатты тұлға болып қалыптасуға үндеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-din/press/news/details/1195237?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау