МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасын қолдау аясында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті сенбілік ұйымдастырды.

Іс-шараға департамент басшылығы және департамент қызметкерлері қатысып, аумақты тазарту мен абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысты. Сенбілік барысында қоғамдық орындардың тазалығы қамтамасыз етіліп, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Департамент ұжымы «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау және елді мекендердің тазалығын сақтау екенін атап өтті. Сонымен қатар мұндай бастамалар қоғамда жауапкершілік мәдениетін арттырып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейді..

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1195238?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version