2026 жылғы 3–5 сәуір аралығында Қарағанды қаласында ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең мықты спортшылар чемпион атағы үшін бақ сынасты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жарысқа Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД-ның спортшысы Қазақстан Республикасы ТЖМ құрама командасының құрамында қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Гарап Алина 70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде құрметті 3-орынды иеленді.
Қол жеткізілген нәтиже Қазақстан Республикасы ТЖМ қызметкерлерінің жоғары деңгейдегі дене және кәсіби даярлығын, сондай-ақ Гарап Алинаның жоғары спорттық шеберлігін айқын көрсетті.
Спортшыны оралғаннан кейін теміржол вокзалында салтанатты түрде қарсы алды. Әріптестері мен жақындары Алинаны лайықты өнер көрсетуімен құттықтап, оның жетістіктеріне мақтаныш білдіріп, алдағы уақытта кәсіби қызметінде және спорттық мансабында жаңа табыстар тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-sko/press/news/details/1195630?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version