Қазақстан мен Латвия Іскерлік кеңестің жұмысын қайта жандандыруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Рига, 2026 жылғы 7 сәуір – Рига қаласында Қазақстан Республикасының Елшісі Дәурен Кәріпов Қазақстан-Латвия Іскерлік кеңесінің тең төрағаларымен кездесу өткізді: қазақстандық тараптан – «Атамекен» ҰКП Машина жасау комитеті Президиумының мүшесі Роман Абенов, латвиялық тараптан – Латвия темір жолдары Басқармасының мүшесі Ринальдс Плявниекс.

Кеңестің тең төрағалары ынтымақтастықтың басым бағыттары – өнеркәсіптік кооперация, агроинженерия, фармацевтика және көлік-логистика салалары бойынша бірлескен жұмыс жоспарлары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ тараптар екіжақты өзара іс-қимылды әртараптандырудың, оның ішінде бірлескен жобаларды іске асыру арқылы жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Тараптар Қазақстан мен Латвияның бизнес қауымдастықтары арасындағы байланыстарды жандандыруға жәрдемдесу, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты мазмұнды тұрғыда одан әрі толықтыру жөнінде уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1195629?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version