Алматы прокуратурасы балаларды жоспарлы емдеуге жатқызуда құқықтарын қорғады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың ақпан айында қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері балаларды жоспарлы емдеуге жатқызу бөлігінде шектеу шараларын енгізген.

Құжатта медициналық қарсы көрсетілімдері бар балаларды есепке алмай, қызылшаға қарсы вакцинация болған жағдайда ғана балаларды жоспарлы емдеуге жатқызуға рұқсат беру көзделген.

Балалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқықтық актіге прокуратура наразылық білдірді, қаулы заңнама талаптарына сәйкестендірілді.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау, прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала беретінін еске салады.

 

Алматы қаласының прокуратурасы 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/1195599?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version