Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – Басқарма ) 2026 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының басталғанын хабарлайды.
Байқау халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
Байқау өңірлік және республикалық екі кезеңнен тұрады. Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері 4 аталым «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» бойынша өзара үздікті анықтайды. Сондай-ақ байқау аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы табысталады.
Байқауға қатысу тегін. Конкурсқа қатысушылардың құжаттары hr.enbek.kz сайт арқылы қабылданады.
Өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығын ескере отырып, Басқарма облыстың барлық кәсіпкерлерін «Парыз» байқауына белсенді қатысуға шақырады.
Байқауға қатысты өзге ақпаратты білу үшін Басқармаға мына мекен-жай бойынша: Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26 үй, сол жақ қанат, 4 қабат, 405 кабинет, байланыс телефоны 8/728232-96-74 арқылы хабарласуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-social-employment/press/news/details/1195598?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау