Түркістан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бас маманы Т.Кенжеханова “Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжі” МКҚК өкілдері мен студенттерінің қатысуымен кездесу өткізілді.
Түсіндірме барысында зияткерлік меншік саласына енгізілген өзгерістер, атап айтқанда географиялық нұсқама (ГН) және тауар белгілерін тіркеу тәртібі туралы түсіндірме берілді. ГН ауыл шаруашылығын дамытуда, ұлттық брендтерді ілгерілетуде, шетелде өнімді тануда маңызды рөл атқарады. Ол әдетте ауылшаруашылық өнімдеріне, азық-түлікке, шараптарға және спирттерге, қолөнер бұйымдарына және өнеркәсіптік өнімдерге қолданылады.
Сонымен қатар, ГН ұжымдық құқық болып табылады. Өндірушілер оларды ұсынатын кооператив немесе қауымдастық сияқты бірлестіктер ретінде ұйымдастырылуы мүмкіндігі түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-trk/press/news/details/1195483?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау