Бүгін Тараз қаласындағы «Нұрлы таң» тұрғын үй кешені аумағында Жамбыл облысы ТЖД бөлімшелерімен өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығудың мақсаты – көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде әрекет ету, тұрғындарды эвакуациялау, күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын пысықтау, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу тәртібін жетілдіру болды. Іс-шараға облыс орталығы гарнизонының күштері мен құралдары тартылды. Сонымен қатар, үй тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша нұсқама өткізіліп, профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау