Елордада жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды: қызыл шамға өтіп кеткен

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Полиция қызметкерлері Республика даңғылында «Changan Depal» автокөлігін басқарған 33 жастағы жүргізушіні анықтады. Ол 115 км/сағ жылдамдықпен қозғалып, бағдаршамның тыйым салынған қызыл сигналына өтіп кеткен. Сонымен қатар, ол жол үстіндегі әрекеттерін ұялы телефонға түсіріп, кейін әлеуметтік желілерде жариялаған, осылайша Жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзған.
Жүргізуші бірнеше бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, қауіпті маневрлер жасау, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану, жол белгілері мен таңбаларын елемеу, белгіленген жылдамдықты асыру, сондай-ақ бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту деректері тіркелді.
Сот шешімімен жол қозғалысы қағидаларын қасақана әрі өрескел бұзғаны үшін жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Астана қаласы Полиция департаменті жол қозғалысы қағидаларын сақтау әрбір қатысушының міндеті екенін еске салады. Белгіленген талаптарды елемеу заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеледі. Жолдардағы құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары тұрақты негізде жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1195487?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version