Қазақстан Республикасының “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңының 10-3 бабы 2 тармағының 16) тармақшасына, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы” Заңының 37 – бабына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 “Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы” бұйрығына сәйкес, Мақаншы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мақаншы ауданы бойынша коммуналдық қызметтерді көрсету
қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- “Абай облысы Мақаншы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-makanshy/press/news/details/1195408?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау