Мақаншы ауданы бойынша коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңының 10-3 бабы 2 тармағының 16) тармақшасына, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы” Заңының 37 – бабына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 “Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы” бұйрығына сәйкес, Мақаншы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мақаншы ауданы бойынша коммуналдық қызметтерді көрсету

қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. “Абай облысы Мақаншы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

         Аудан әкімі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-makanshy/press/news/details/1195408?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді