Қарағанды облысының Бірыңғай үйлестіру орталығының “Senim109″ қызмет алаңында ” Абайлаңыз, кенелер!» тақырыбында тікелей эфир өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БҮГІН Қарағанды облысының бірыңғай үйлестіру орталығы “Senim109” қызметі алаңында Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының және Қарағанды облысы бойынша “Ұлттық сараптама орталығы” филиалының мамандарымен “Абайлаңыз кенелер!” тақырыбында тікелей эфир ұйымдастырылды.
Эфир барысында көктем-жаз мезгілінде кенелердің белсенділігі артатыны, олардың адам денсаулығына төндіретін қауіптері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Мамандар кене шағуы арқылы таралатын жұқпалы аурулар, соның ішінде кене энцефалиті, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы және туляремия жайында түсіндірді.
Сондай-ақ, тұрғындарға табиғатқа шыққанда сақтық шараларын сақтау, жабық киім кию, репелленттер қолдану, серуеннен кейін денені мұқият тексеру қажеттігі айтылды. Кене шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну керектігі ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1195707?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version