«Қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету» мақсатында №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Ашық есік» акциясы өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету» мақсатында 03.04.2026 ж. №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Ашық есік» акциясы өткізілді.

Аталған шараға Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті, Қызылорда облысының Әділет департаменті, қалалық прокуратура, Халыққа қызмет көрсету орталығы, облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары, облыстық жеке сот орындаушылар палатасы және №3 қалалық емхананың қызметкерлері қатысып,

  қызмет алушыларға құқықтық көмек көрсетіліп, мемлекет тарапынан ұсынылатын тегін заң көмегін алу тәртібі кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, іс шара барысында Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру  және №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің бас мамандары Г. Абдыкалыкова, М. Базарбаева азаматтардың зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерін тағайындауға және  сондай-ақ мүгедектік белгілеуге қатысты сұрақтарына заңнама аясында түсіндірмелер мен кеңестер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1195706?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version