Исламабад, 2026 жылғы 7 сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Ұлттық мұра және мәдениет жөніндегі федералдық министрі Аурангзеб Хан Хичимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 3-4 ақпандағы Пәкістанға мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды, оның ішінде мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Жол картасының ережелерін іске асыру мәселелерін талқылады.
Пәкістан Премьер-министрі Мұхаммад Шахбаз Шарифтің Астанаға жоспарланған жауапты сапары аясында Елші бірлескен мазмұнды мәдени бағдарламаны әзірлеуді ұсынды.
Министр А.Хичи ұсыныстарды қолдап, мәдени іс-шараларға қатысу үшін Пәкістанның өнер қайраткерлерін жіберуге дайын екенін білдірді. Пәкістан тарапы сондай-ақ қазақстандық өнер қайраткерлерін жауапты мәдени бағдарламамен Пәкістанға келуге шақырды.
Кездесу соңында министр Аурангзеб Хан Хичи мәдени дипломатияның екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтіп, Пәкістанның Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1195784?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау