ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеттің Сапа менеджменті жүйесі бойынша түсіндірме жұмыстары
ҚР ДСМ МФБК Ақтөбе облысы бойынша фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін бөлім басшысы Д.Елеуова Департаменттің қызметкерлеріне ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Сапа менеджменті жүйесі бойынша келесі құжаттармен таныстырды:
Сапа жөніндегі нұсқаулық;
Стандартты операциялық рәсімдер;
Фармацевтикалық инспектораттың ережесі.
Семинар барысында қызметкерлерге аталған құжаттардың негізгі талаптары, мақсаттары, қағидаттары, сондай-ақ сапа жүйесі шеңберіндегі міндеттері мен жауапкершілігі толық түсіндірілді.
Барлық қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-aktobe/press/news/details/1195655?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау