Бекітілген тексеру тағайындау актісіне сәйкес бүгін Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Төленов Мұхтар Өтегенұлы Жетісай ауданында орналасқан «Construction Group «Samruk» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Жүргізілген тексерудің нәтижесінде Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мұхтар Өтегенұлы “Еңбекті қорғау айлығына” орай үстіміздегі жылдың 28 сәуір күні өткізілетін жоспарлы іс-шараларға шолу жасау мақсатында «Construction Group «Samruk» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырды.
Кездасу барысында мемлекеттік еңбек инспекторы жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының (ОСНС) маңыздылығы, бекітілген ұжымдық шарттарды цифрландыру, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібін ұйымдастыру мәселелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау