Бүгін, 08 сәуірде Петропавл қаласында «Pro Eco» республикалық экологиялық жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 08 сәуірде Петропавл қаласында «Pro Eco» республикалық экологиялық жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті. Іс-шараға қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне немқұрайлы қарамайтын жас зерттеушілер мен белсенділер жиналды. Аудан атынан қатысушылар арасында өздерін лайықты көрсеткен екі жоба ұсынылды.
Байқау қорытындысы бойынша «Үздік экологиялық бастама» секциясында Арықбалық орта мектебінің 6 сынып оқушылары Амина Кашикова мен Чмеленко Алена «Эко-жылыжай» жобасымен 3-орынды иеленді. Олардың жұмысы ауыл шаруашылығында экологиялық қауіпсіз шешімдерді енгізуге бағытталып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
«Таза қала сізден басталады» секциясында осы мектептің 7 сынып оқушысы Гордеева Маргарита «Эко Қала» жобасымен 3-орынды жеңіп алды. Ол өз жұмысында экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі идеяларды ұсынды.
Байқауға қатысу оқушылар үшін ғылыми және экологиялық ойлауды дамыту жолындағы маңызды қадам, сондай-ақ өздерін жоғары деңгейде көрсету мүмкіндігі болды.
Жүлдегерлерді лайықты нәтижелерімен құттықтап, оларға табыс тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aiyrtau-edu/press/news/details/1196576?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version