Тоқжайлау ауылдық кітапханасында «Әлемді кітап оқумен танимыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқырмандарды кітап оқуға баулу, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында оқырмандар көрмеге қойылған түрлі әдеби шығармалармен танысып, кітап оқудың маңыздылығы туралы пікір алмасты. Қатысушылар өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап, рухани азық алды.
Кітап – білімнің бастауы, рухани байлықтың көзі. Сондықтан кітап оқу әр адамның өмірінде маңызды орын алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-tokzhailau/press/news/details/1195995?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау