Екі қазақстандық гимнаст Египеттегі әлем кубогы кезеңінің жүлдегерлері атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Египеттің астанасы Каирде гимнастикадан әлем кубогының 4-ші кезеңі жалғасуда, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстан ерлер құрамасының өкілдері Зейнолла Ыдырысов пен Нариман Құрбанов ат үстінде жаттығуда екінші және үшінші орындарды бөлісті. Алтынды Армениядан келген спортшы жеңіп алды.

1. Гамлет Манукян (Армения) – 14.800
2. Зейнолла Ыдырысов (Қазақстан) – 14.566
3. Нариман Құрбанов (Қазақстан) – 14.566

Ертең қазақстандықтар финалда медальдар үшін күресті жалғастырады. Алтынхан Темірбек пен Асан Сәлімов тірек секіруде, ал Ілияс Азизов барда жаттығуда өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Каирде өткен Әлем Кубогы кезеңіне 30 елден 70 спортшы қатысуда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Зейнола Ыдырысов пен Нариман Құрбанов Антальядағы Әлем Кубогы кезеңінде екі медаль жеңіп алған болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akoy/press/news/details/1195996?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version