Абай облысы Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады
Аталған схема бойынша азаматтардың ұялы телефондарына ресми мемлекеттік байланыс орталығы нөмірінен хабарлама келіп түседі
Бір қарағанда ұсынылған сілтеме ресми мемлекеттік порталға ұқсас болып көрінеді
ЕҢ ҚАУІПТІСІ:
Жалған сайтта кез келген көлік нөмірін немесе ЖСН-ды енгізсеңіз де, жүйе автоматты түрде «айыппұл бар» деген жалған ақпарат көрсетеді
Одан әрі «төлеу» батырмасын басқан жағдайда, сайт сізден банк картасының толық деректерін енгізуді сұрайды
Алаяқтықтың басты белгісі — қате дерек енгізгеніңізге қарамастан, жүйенің «айыппұл бар» деген жалған нәтиже көрсетуі
Мемлекеттік органдар SMS арқылы жеке немесе банктік деректерді енгізуді талап етпейді
Ресми айыппұлдар тек сенімді платформалар арқылы тексеріледі
Күмәнді сілтемелерге өтпеу — жеке қауіпсіздіктің басты шарты
Айыппұлдарды тек ресми көздер арқылы тексеруге кеңес береміз
Күмәнді сілтемелерді ашпаңыз
Жеке деректеріңізді бөгде сайттарға енгізбеңіз
Белгісіз хабарламаларға сенбеңіз, әсіресе олар шұғыл әрекет етуді талап етсе
Мұндай жағдай орын алса, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз
Абай облысы Полиция департаменті азаматтарды цифрлық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады . Сақтық — алаяқтықтың алдын алудың ең тиімді жолы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1197521?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау