Полиция азаматтарды тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсыруға шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     20 сәуірден бастап Алматыда заңсыз сақталып келген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу бойынша республикалық акция басталады.

     Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, тіркелмеген қаруды қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың жолын кесу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру.

     Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаевтың айтуынша, бұл акцияға қатысу – азаматтар үшін тек қана қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мүмкіндігі емес, сонымен қатар қоғам қауіпсіздігіне қосылған маңызды үлес.

– Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Сонымен қатар тапсырылған қару үшін ақшалай сыйақы қарастырылған. Қала тұрғындарын азаматтық жауапкершілік танытып, осы мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырамыз», – деп атап өтті Ноғайбаев.

     Полиция қызметкерлері қару-жарақты қабылдау ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінде жүзеге асырылатынын еске салады. Төлем мөлшері қарудың техникалық жағдайына байланысты арнайы комиссиямен айқындалады.

     Құқық қорғау органдары мұндай шаралар қылмыс деңгейін төмендетуге және “Заң мен тәртіп” қағидатын нығайтуға оң ықпал ететінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1196999?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version