Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы Президентінің арнаулы өкілі Кан Хун Шикті қабылдады. Кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастықтың жоғары деңгейі атап өтілді.
Мемлекет басшысы Қазақстанның корей халқына құрметпен қарайтынын айтып, екіжақты байланысты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ ол Корея Президенті Ли Чжэ Мёнге ыстық лебізін жолдады.
Өз кезегінде Кан Хун Шик Қазақстандағы реформаларды қолдап, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге қызығушылық білдірді.
Кездесу барысында энергетика мен көлік-логистика салаларындағы серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.
Соңында Кан Хун Шик Қазақстан Президентін Сеулде өтетін «Корея – Орталық Азия» саммитіне шақырды, ал Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шақыруды қабыл алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-kazcik/press/news/details/1196998?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау