Қарағанды саябақтары мен гүлзарларын миллионнан астам гүлмен безендірмек

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағандыда биыл саябақтар мен гүлзарларды кең көлемде көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Қала аумағында біржылдық және көпжылдық гүлдер, сондай-ақ әртүрлі бұталар мен ағаштар егілмек.

Негізгі жұмыстар қала орталығында және Оңтүстік-Шығыс ауданында жүзеге асады. Гүлзарлар Құрылысшылар даңғылы мен Космонавттар көшесіндегі шағын бақтарда, Қ. Аманжолов атындағы гүлзарда, Әлиханов көшесінде, Орталық саябақта, Қазақстанның Тәуелсіздігінің 10 жылдығы саябағында, «Жұлдыздар аллеясында», «Кенші даңқы» монументі маңында және басқа да аймақтарда орналастырылады.

Егілетін өсімдіктер қатарында шырайгүл, тагетис, раушан гүлдері, сәлбен, лиатрис, жұлдызгүл және басқа да көрікті гүл түрлері бар.

Жоспар бойынша қала саябақтары мен гүлзарларына жалпы есеппен 1,6 миллион біржылдық және 23 мың көпжылдық гүл егу көзделуде. Сонымен қатар, ағаштар мен бұталар егу жұмыстары да қарастырылған.

— Алдын ала жоспарға сәйкес ағаштарды Орталық саябақта, Қазақстанның Тәуелсіздігінің 10 жылдығы саябағында, Назарбаев даңғылы мен Н. Әбдіров даңғылы бойындағы гүлзарларда және жол бойларында отырғызу жоспарланып отыр, — деп хабарлады Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсел Сәдуақасова.

Биыл қалада 7 мың бұта — гортензия, бөріқарақат, ырғай, ақ шөп, жылтыр бүрген, сарана, ругоза раушаны, жапон спиреясы және 12 700 ағаш — емен, пирамидалды терек, қарағай, шырша, терек, алма ағашы және жол бойындағы қарағаш егілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1196838?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version