Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің нормаларын қолдану мәселелері бойынша семинар-кеңесі өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 8 сәуірде құқықтық сауаттылық шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары М.Т. Асылхановтың төрағалығымен Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары Жайлыбаева Салтанат Қобланқызы мен Магзумова Махаббат Сапарқызының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараға облыстық басқармалардың басшылығы, сондай-ақ қалалар мен аудандар әкімі аппараттарының өкілдері қатысты.

Семинар-кеңес барысында судьялар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің нормаларын түсіндіріп, мемлекеттік органдардың әкімшілік актілерді қабылдау кезінде жиі жіберетін қателіктерін атап өтті.

Сонымен қатар рәсімдік талаптарды сақтау, соттың жеке ұйғарымдарына назар аудару және олар бойынша уақытылы шаралар қабылдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Осындай іс-шараларды өткізу әкімшілік рәсімдердің сапасын арттыруға, сот дауларының санын азайтуға және мемлекеттік органдар қызметінде заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1196849?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version