Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Армения Республикасының Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрі Давид Худатянмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Көлік саласындағы өзара іс-қимылдың басым бағыттарына, оның ішінде инфрақұрылымды дамытуға, озық технологияларды енгізуге, сондай-ақ жүк тасымалы көлемін арттыруға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар Астана – Ереван және Ақтау – Ереван бағыттары бойынша әуе қатынасын қайта жандандыру мәселесі қаралды. Рейстердің жақын арада іске қосылуы күтілуде, бұл сауда-экономикалық байланысты нығайтуға және туризмді дамытуға қолайлы жағдай жасайды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік танытып, өзара іс-қимылға дайын екендерін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1197742?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау